Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Алқымнан алған қымбатшылық

c 17:41, 11/01/2021 c 681

0:00 / 0:00

Оралда жаңа жыл басталғалы азық-түлік бағасы қымбаттап жатыр. Сол себепті қарапайым тұрғындардың қалтасы жұқарып, азаматтар тапқан табысын тек тамақ алуға жұмсап жүр. Дүкен сөрелеріндегі бағаға көз салсақ, жұмыртқаның жақсы сорты 400-теңгеден жоғары саудаланса, ал 5 литр сұйық майдың бағасы орта есеппен 3000 теңгеден басталады.

Жаңа жыл сайын азық-түлік бағалары қымбаттап келеді. Биыл да үрдіс өз жалғасын тапқандай. Өткен 2020 жылдың аяғында нан бағасы, сұйық май мен жұмыртқа қымбаттап, қарапайым азаматтардың қалтасына салмақ салғаны жасырын емес.

Билік әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын бақылауда ұстау үшін тиісті шараларды қабылданып жатыр.

Қазіргі таңда облыс орталығында орналасқан сауда нүктелерінде таңғы уақытта әлеуметтік маңызы бар тауарларды өз бағасында сатуға бағытталған акция жүріп жатыр. Бірақ өнімді арзандау құнмен сатып алу үшін супермаркетке таңғы тоғыздан барып, сауда жасау қажет.

Оператор: Нурлан Кунашев
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.