Келешекте алқа билерге қатысты заң жобасы өзгеріске түспек. Қазіргі қолданыстағы заңнамаға сәйкес алқа билер тек ауыр қылмыс деп танылған адам өлтіру қылмысын қарайды. Сот процесінің алқа билермен ұйымдастырылуын күдіктінің өзі шешетіні белгілі. Осы орайда, сала мамандары процестің 11 адамнан тұратын кеңеспен өтуінің өзіндік ерекшеліктері мол дегенді айтып отыр. Яғни, сот процесі барысында күдіктінің ақталып, бостандыққа шығып жататын деректер көптеп кездесетіні көрінеді. Судьялар осы алқа билерді іріктеу ісінде көптеген қиындықтарға тап болатынын айтып берді. Мәселен, облыстық әкімдіктен 3 мыңға жуық азаматтың тізімі сотқа беріледі екен. Тізімнің ішінде бірнеше жыл бұрын қайтыс болған азаматтардың есімі де кездесіп отырған. Қазіргі таңдағы заңнамаға сәйкес, алқа билердің құрамына 25 жастан асқан Қазақстан Республикасының азаматы, бұрын сотталмаған, психо-неврологиялық, нашарқорлар есебін жоқ азаматтар бола алады. Сала мамандары, барлық тараптарға сәйкес келе тұра бірақ, сот шақыртуын қабылдамаған жандардың қарасы қалың екендігін айтып отыр. Олар тіпті, соттың шақыртуына құлақ аспайтын көрінеді.