Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Алиментті кім төлейді?

c 18:19, 23/12/2019 c 750

0:00 / 0:00

Елімізде алимент өндірудің жаңа жолдары енгізілмек. Әділет министрлігі бұл орайда Италияның тәжірибесін алға тартып отыр. Борышкер әке алименттен қашса, сот орындаушылар қарызды борышкердің ата-анасынан өндіріп алуы мүмкін. Министрлік бұл ұсынысты  жалпыұлттық талқылауға шығармақшы. Сондай-ақ, проблемалық алименттерді өндіру үшін Қазақстанда алимент төлеуге арналған жеке әлеуметтік қор құрылмақ. Қор республикалық палата мүшелерінің жарнасы мен ерікті ақша салымдары есебінен қаржыландырылады. Алименттің әлегі жайында толығырақ Әселім Қалкен баяндайды.

Елімізде өкінішке орай көңілдері жараспай ажырасып жатқандар артуда. Ал  бұның соңы баласы үшін жауапкершіліктен қашқан әкелер санын көбейтіп отыр. Статистикаға сүйенсек, жыл сайын 200 мың алимент өндіру ісі қаралады. Алимент бойынша қарыз көлемі 5,7 млрд теңгені құрайды.  Борышкер әкелердің бірі алимент төлеуден қасақана қашып жүрсе, енді бірінің  жағдайы келмей жатады. Әділет министрлігі бұл орайда сот орындаушылардың есебінен әлеуметтік қор құрып,  әлеуметтік-экономикалық жағдайда қалған азаматтарға көмек көрсетпек. Мұндай шешім сот орындаушылардың қарашадағы сьезінде қабылданған. Яғни сот орындаушы республкиалық палатаға мүшелікке өтуі үшін бір реттік жарна төлейді. Осы жарнадан жиналған қаржы қорға салынады. Себебі, ведомствоға түсетін арыз-шағымның тең жартысы алимент төлеуге жағдайы жоқ  адамдарға қатысты. Жарна көлемі 100-200 АЕК дейін құрайды.

Ернар Ибраев – жекеменшік сот орындаушылардың республикалық палатасы басқармасының төрағасы; «Жарна төлегісі келмейтін сот орындаушы палатаға мүше бола алмайды. Бұл съездбен бекітілген. Мнідетті жарна болып табылады. Ірі облыс орталықтарында жарна көлемі 200 АЕК, шағын қалаларда 100 АЕК құрайды. Палатға кірерде бір рет ғана төлейтін жарна»

Әділет министрі Марат Бекетаев алимент өндірудің тағы бір түрін ұсынады. Ол Италиядағыдай  алименттен қашып жүрген борышкердің ата-анасынан өндіру керек дейді. Яғни ата-әжесі немересіне алимент төлеуі мүмкін.

Яғни, министр айтқандай  ата-анасы осындай жетесіз бала тәрбиелегені үшін жауап беруі керек. Бір жағынан ол бөтен емес, өз немересі  ғой дейді Бекетаев. Бұл ұсынысты енді жалпыұлттық талқылауға салмақшы. Қолдау тауып жатса, тиісті заңға енгізілмек. Бүгінде алимент төлемегені үшін екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы бар. Ал банктерде несие бермейді, шетелге шыға алмайды. Жалғызбасты аналар бұл жазаның өзі тым жеңіл деп санайды. Олар бұрынғы күйеулері табыс көзін жасыратынын айтады. Ал тиындап берген алиментке баланы өсіріп, оқыту оңай емес.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.