0:00 / 0:00
Биылғы жылы баласына алимент төлемей жүрген жандардың қарызы 200 млн теңгеден асып жығылады. Өткен жылы бұл көрсеткіш 400 мың теңгені құраған екен. Баласына қарызданған азаматтардың 7 мың ісі әлі күнге дейін өндіріліп жатыр. Жеке сот орындаушылар алиментті қасақана төлемей жүрген жандар әкімшілік тіпті, қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатыр,- дейді. Алайда, баласына заңмен міндеттелген қаражатты төлемей жүрген азаматтар шетелге шығуға немесе жылжымайтын мүлкіне шектеу қойылса, дереу қарыздарынан төлеп беруге талпынады екен.
Жеке сот орындаушылары алимент төлемей жүрген азаматтан 1 жылдың ішінде 2,5 млн теңге қаражатты өндіріпті. Бұл азамат 9 жылдан бері бауыр еті баласына заңмен белгіленген қаржыны төлемей келген. Сот орындаушылар болса, баласына қарызданған азаматқа қатысты шетелге шықпау туралы шектеу қойыпты. Кейін, әлгі азамат он жылға жуық жинақталған қаржысын бір мезетте төлеп, шектеуін алдыртып тастапты.
Облыс бойынша алимент өндіріліп жатқан 7000 мыңдай іс қаралып жатыр. Бүгін де алимент бойынша 200 млн теңгедей борышты өндіру мүмкін болмай отырған көрінеді. Ал, өткен жылы бұл көрсеткіш 400 млн теңгені құрапты.
Сала мамандары бауыр еті баласына деп арналған алиментті қасақана төлемей жүрген азаматар заң алдында жауапкершілікке тартылады,-дейді. Бүгінде 2000 бүлдіршіннің алименті ата-анасының жалақысынан ұсталып, балаға беріліп отыр. Бауыр еті баласының тәрбиесіне ат салыспай, баласының тағдырына алаңдамайтын, сот міндеттісің деп бекіткен азғантай ақшаны төлеуден жалтарып жүрген азаматтардың қарасы жыл санап артып келеді. Алайда, алименттен жалтарған жандар шетелге шектеу қойылса немесе жылжымайтын мүлкіне арест салынса ғана жылдар бойы төлемей келген қарызын төлеп тастауға дайын екендігі көңілге қаяу салады.