0:00 / 0:00
2018 жылдың бірінші қаңтарынан бастап зейнетақы төлеу жүйесінде өзгерістер орын алды. 2013 жылы зейнетақы төлеу туралы заң талаптарына сәйкес еліміздің барлық нәзік жандылары 2027 жылы 63 жастан зейнетке шықпақ. Сонымен қатар, биылғы жылдың бірінші қаңтарынан бастап, 1-2-3-ші сәби дүниеге келген кезде бір реттік төленетін жәрдемақы құны 81390 теңге, 4-ші балаға 151 мың теңгеден астам жәрдемақы қарастырылған.