0:00 / 0:00
Көп балалы отбасылар мен әлеуемттің осал тобына мемлекеттен көмек үстіміздегі жылдың сәуір айынан бастап беріле бастайды. Дегенмен қолынан іс келетін жандар үкіметке алақан жайып қарап отырмауы тиіс. Мәселен, құрылыс саласына мамандар жетіспейді. Сол себепті жұмыссыз жандар қажетті салада еңбек етіп екі қолға да бір күрек табуы тиіс. Бұл туралы бүгін өткен орал қаласының активінде мәлім болды. Нұр Отан» партиясының XVIII кезекті съезінде айтылғандай бірінші кезекте табысы төмен көп балалы отбасыларға айырықша көңіл бөлінетін болады. Мәселен, Орал қаласында атаулы әлеуеметтік көмек төрт бағыт бойынша берілетін болады. Шаһарда көп балалы 4236 отбасы бар. Бүгінге дейін солардың 1410 отбасының күн көріс деңгейі бақыланған.Қалған отбасылардың жағдайы алдағы уақытта қадағаланатын болады. Осы райда Оралда арнайы орталық ашылып онда халықтың әлеуметтік жағдайы туралы ақпарат енгізілетін болады. Қала активінде бірқатар мәселелер де қаралды. Мәселен, қалалық мәслихат депутаты Валенитна Михноның айтуынша құрылыс саласына 100 маман жетіспейді. Яғни бүгінде үкіметтен қол жайып көмек сұрап отырғандар аталмыш салада еңбек етіп отбасын асырауына мүмкіндігі бар. Ал қызметін бастағанына 5 жыл ғана болған 6 мыңнан аса адамға медициналық көмек көрсететін қалалық №6 емханаға медицина мамандары жетіспейді.Қазір қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсартып, ішкі кірісті көбейту әр нұротандықтың негзгі құжатына айналғандай. Сондықтан әлеуеттің әлеуметтік жағдайы партия бақылауында дейді активке жиналған Нұр отан партиясының өкілдері.