Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Әлемді алаңдатқан індет

c 20:45, 14/02/2020 c 889

0:00 / 0:00

Бүкіл жер шарын аяғынан тік тұрғызған короновирус індетімен әлем бірлесіп күресіп жатыр.  Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропа өңірлік бюросының басшысы Ханс Клюге бұл қауіпті індетпен әлем болып жұмыла күрессек жеңеміз деп отыр. Осы қызметке  жаңадан тағайындалған Клюге мырза бірінші жұмыс сапарын Қазақстаннан бастады. Бүгін журналистер алдында шығып баспасөз маслихатын өткізген еліміздің денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен   Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілі Ханс Клюге  короновирустің алдын –алу шараларын мықтау қажеттігін айтты.

Қытайдан тарап отырған короновирус індетіне қарсы күрес күшейтілуде. Бүгінгі күні  Қытайда аталмыш жұқпалы ауруды жұқтырғандар саны  64 627 адамды құрап отыр. Ал бүкіл әлем бойынша  65 210 жағдай тіркелді. Өкінішке орай коронавирустан қаза болғандардың саны – 1486 адамды құрап отыр. Қазақстан Үкіметі үшін басты мақсат – қауіпті індеттің елге  кірмеуі және таралмауы болып отыр.Еліміздің бас дәрігері Қазақстанда короновирус тіркелген жоқ дейді.

Елжан Біртанов – ҚР денсаулық сақтау министрі; «Қазақстан үкіметі үшін басты мақсат инфекцияның кірмеу және таралмауы. Біз бүкіл әлемдік денсаулық сақату ұйымдарымен тығыз байланыстамыз.  Негізгі қаражат халық пен медициналық қызметкерлерді, шекарашыларды қорғауға бағытталған. Одан бөлек, коронавирус күдігі бар азамдардың барлығын жеткілікті түрде тексеріп, дәрілік заттар қорын жасау үшін диагностикалық технологияларға мән берілген»

Сондай-ақ, Біртановқазақстандық ғалымдары аталмыш індетке қарсы вакцинаны әзірлеуге дайын деп отыр.  Министр қазақстандық  ғалымдардың ұсынысы бойныша    өзге елдердің ғалымдарымен бірлесіп жұмыс істеу мүмкіндігін қарастырып жатырмыз – дейді.  Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының  Еуропа өңірлік бюросының басшысы  болып енді ғана тағайныдалып, алғашқы жұмыс сапарын Қазақстанна бастап отырған Ханс Клюге мырза коронавирусқа қарсы вакцина 3-4 ай сынақтан өтуі тиіс дейді. Оның пікірінше аурудың алдын алуға күш салу керек.

Ханс Клюге – дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының еуропа өңірлік бюросының басшысы; «Негізі вакциналарды қолдану үшін үш-төрт ай сынақтан өткізу қажет. Мұндай вакциналарды қазіргі коронавирустарға қарсы қолдануға бола ма, жоқ па, соны анықтаймыз. Мәселен, атиптік пневмония, Таяу Шығыс синдромы бар. Осындай вирустарға қаншалықты пайдалы болады? Қазір бүкіл әлем ғалымдары коронавирусқа қарсы вакцина әзірлеуге тырысуда. Бағасы туралы айтуға әлі ерте, бірақ донор-елдер бұл процеске белсенді қатысуда. Біз барлық ақшаның тек вакцина жасауға жұмсалып, емдеу мен алдын-алуға аз қаражат қалғанын қаламаймыз. Мұндай кешенді тәсіл бізге әлі де қажет»

Әлемдік сарапшылардың айтуынша, бұл індеттің белең алуы әлі бас ғана. Қауіпті инфекция әлем халқының 60 пайызын қамтуы мүмкін деген болжам айтады. Сондықтан аты жаман ауруды емдегеннен, алдын алуға күш салуға басымдық жасалмақ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.