Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Әлем парламентаризімінің бас қосуы

c 18:01, 24/09/2019 c 618

0:00 / 0:00

" Жаппай қырып жоятын қарудың көмегімен III Дүниежүзілік соғыс басталса, ол біздің өркениетіміз үшін соңғы соғыс болуы әбден мүмкін", - деді елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің IV кеңесінде. Бүгін елордада тұңғыш президенттің қатысуымен

«Үлкен Еуразия: Диалог. Сенім. Серіктестік» тақырыбында Еуразия елдері парламенттері төрағаларының IV Кеңесі жұмысын бастады. Кеңесте Еуропа, Азия елдерінің парламент өкілдері әлемдік деңгейдегі қауіп-қатерді жою мәселесін шешуде жұмыла күрескен жөн деген ойларын ортаға салды. Әр елдің Парламентінің рөлі, жаһандық ахуалды талқылауда парламентаризмнің күшін қолдану айтылды.

Еуразия елдерінің жоғарғы заң шығарушы органдарының жиынына Қазақстан Парламенті  әбден дайындалыпты. Тәуелсіздік сарайының үлкен залында өткен кеңес отырысына шетелдік депутаттар мен қатар еліміздің халыққалаулылары, министрлер кабинеті түгел қатысты. Әлем парламентаризмі бас қосқан жиынған елбасы қатысып, жаһандық қауіп-қатердің алдын-алуда жұмыла күрескен жөн екендігін жеткізді. Нұрсұлтан Назарбаев ядролық қарудан бас тарту келіссөзін тағы да еске салды. Ресей, Қытай, АҚШ пен Еуропа одағының арасында келіссөздерді бастау қажет, себебі әлемдегі тыныштық пен бейбіт өмір дәл осы державаларға байланысты деді.

Нұрсұлтан Назарбаев – Елбасы; «Бүгінде планетамыз қайтадан қауіпті шекараға келіп қалды. Жаппай қырып жоятын қарудың көмегімен III Дүниежүзілік соғыс басталса, ол біздің өркениетіміз үшін соңғы соғыс болуы әбден мүмкін».

Тіпті Назарбаев алып державалардың диалогын күшейту мақсатында келесі жылы Нұр-Сұлтан қаласында осы елдердің парламент басшыларының бейресми кездесуін өткізуді ұсынды. Сондай-ақ, елбасы әлем елдері ратификацияламай отырған халықаралық құжаттарға тоқталды. Қауіп төндіріп отырған лаңкестік әрекеттерге қатысты халықаралық ұйымдасқан қылмыстық топтардың бірыңғай тізімін жасауды ұсынды.

Нұрсұлтан Назарбаев – Елбасы; «Өйткені, терроризмнің жалпы анықтамасын әзірлеу, террористік, экстремистік ұйымдардың, халықаралық ұйымдасқан қылмыстық топтардың бірыңғай тізімін жасау маңызды».

Не керек кеңесте еуразия парламенттерінің депутаттары парламенттің рөлі жайында ой қозғап, әлемдік қауіпсіздікті сақтауға қатысты өз үндері естілсе деді.

Әрине парламенттің рөлін кеңейту мәселесі де сөз болды. Парламентте саяси партиялар саны көп болса, бәсеке де күшейеді. Мысалы, Малайзия парламентінде 15 партия өкілдері бар екен.

Мұхаммад Ариф Бин Мд Юсуф – малайзия депутаты; «Малайзия Парламенті көппартиялы. 3 коалиция бар. Барлығы 15 партия. Демкократиялық жүйедегі заң шығарушы органда үлкен, шағын партиялар бар. Олардың Парламент сайлауына қатысуға құқылы ».

Ал Қазақстан Парламентінде әзірге үш саяси партияның өкілдері отыр. Билік партия-  NuOtanдықтар сайлауда басым дауыс жинағандықтан,олардың парламенттегі депутаттар саны 90 пайыздан асып отыр. Парламент қашанда үкіметке талап қойғыш болып келеді. Ұсынған заңдарындағы ақаулар үшін де, тиімсіз жұмсалған қазына қаржысы үшін де Үкімет мүшелері депутаттар алдында жауап беруге мәжбүр болады. Парламенттің рөлі қандай деген сұраққа,  министрлер көзімен қарасақ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.