Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Әлем балалар көзімен

c 16:59, 22/10/2020 c 881

Қазақстанның түкпір-түкпірінде мүмкіндігі шектеулі балалардың туындылары қойылған көрмен өтіп жатыр. Көрмеде "Аялаған алақан" қайырымдылық қоры тегін өткен үйірмелері арқылы бейнелеу өнеріне баулыған жеткіншектердің шығармашылығы қойылған. Ондағы мақсат-ерекше қамқорлықты қажет ететін, мүмкіндігі шектеулі балалардың өнерін көпшілікке паш ету,-дейді қордың жетекшісі Рада Хайрушева.

"Аялаған алақан" қоры көптеген қайырымдылық шараларына мұрындық болып келеді. Қор жетекшісі Рада Хайрушеваның айтуынша, мұқтаж жандарға көмек қолын созу туралы ой осыдан 8 жыл бұрын өз перзенттерін дүниеге әкеліп, ана атанған сәтте пайда болған. Ол сол кезде перзентхана қабырғасында шырылдап жылап анасын іздеген тастанды балаларды өз көзімен көріп, жүрегі шыдамайды. Өмірге келіп үлгермей жатып, тағдыр тауқыметін татқан сәбилерге қамқорлық көрсетуден басталған ісін тұрақты түрде жалғастыру үшін "Аялақан алақан" деп аталатын қайырылымдық қорын құрады. Бұл жерде өзі сынды ерікті түрде жақсылық жасауға құштар жандардың басын қосып, мейірбандыққа зәру адамдармен жан жылуын бөлісіп келеді. Бүгінде қор жетімдер мен жесірлерге, аз қамтылған отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға жанашырлық танытып, қолдан келген көмегін көрсетіп келеді. "Әлем балалар көзімен" деп аталатын бұл көрмеде сөйлеу, есту қабілеті бұзылған және ерекше қамқорлықты қажет ететін мектеп интернаттың тәрбиеленушілерінің туындылары қойылған.

Бұл суреттер арқылы балалар әлемге деген махаббатары мен өмір сүруге деген құлшыныстарын паш еткендей. Тегін үйірмелер арқылы бейнелеу өнерінің қыр-сырын меңгерген қылқалам шеберлері туындыларының көрмелері бір мезетте Қазақстанның түкпір-түкпірінде өтеп жатыр.

Биыл еріктілер жылы. Қайырымдылық жасау ісін жандарына серік еткен қор өкілдері биыл балаларды түрлі өнерге тегін баулып, әлем тілдерін меңгеруде. Қор жетекшісі Рада Хайрушева болашақта балалардың туындыларын әлемдік деңгейге шығарып, шетелдерде көрме ұйымдастыруды жоспарлап отырғанын мәлімдеді.

Әр саланың өкілі осы қорда бірлесе жұмыс жасайда. Бірі мұғалім, бірі дәрігер, енді бірі шенеунік болса, бірі суретші. Олар мұқтаж жандарға жәрдемдесіп, еш ақысыз балаларға білгенін үйретеді. Балалардың қуанышын, жетістігін көруден асқан бақыт жоқ,- дейді еріктілер.

Аялақан алақан қоры көп балалы аналар мен жетімдер үйінің түлектерін де назардан тыс қалдырмайды. Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара отырып, бірлігі жарасқан мейірбан жандар біздің мақсатымыз-теңізге құйылған бір тамшыдай болса да атқарған ісімізбен қоғамға пайда тигізу дейді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.