0:00 / 0:00
Ел астанасында үлескерлер проблемасы күн тәртібінен түскен емес. Ақша құйып қойған баспанасына 9 жылдан бері қол жеткізе алмай жүрген 600 үлескер бүгін бас көтерді. «Комсомольский» Тұрғын үй кешенінің құрылысы қолдан- қолға өтіп, әлі күнге дейін салынып бітпей жатыр.Ал осы тұрғын үйді салып, аяғына дейін жеткізуді мойнына алған «Елорда Құрылыс» квазимемлекеттік компаниясы инвестор мен құрылысшыны табуы тауып, жұмыс қызитын уақытта тоқтатып тастады дейді үлескерлер.
Үлескерлер дауы елорданың басты проблемасына айналған. Қыруар қаржы құйып, баспаналы болуды армандаған жүздеген үлескер 10 жылдап осы мақсатына жете алмауда. Ендігі тоғызыншы жыл болды, «Комсомольский» тұрғын үй кешенінің құрылысы бітер емес. Енді оның тарихына тоқталсақ. Нұр-Сұлтанның сол жағалауында орналасқан кешенді әу баста «Азбука жилья» компаниясы салып бастағанды. Компания елордалықтарға уәде еткен 8 тұрғын үй кешенін аяқсыз қалдырды. Комсомольский соның біреуі. Еске сала кетейік, бұл құрылыс компаниясының бірінші басшысы-экс-депутат Ерқанат Тайжанов 2008 жылы депутаттық мандатын тапсыруға мәжбүр болғанды. Кейін үлескерлердің ақшасын жымқырып елден қашып, Австрия асты. Құқық қорғау органдары әлі күнге дейін оны елге қайтара алмауда. Тергеу барысында мәлім болғандай, компания басшылығы 40 миллиард теңгені қалтасына басқан. Соның салдары әлі жалғасуда. Бүгін 600 үлескер бас көтеріп, үйлерін салып беруді талап етті.
Осылайша экс-депутат Тайжанов 3,5 мың азаматты алдап кетті. Мәлім болғандай, Ерқанат Тайжанов Түркияда қонақ үй сатып алған. Қазақстанда оның байлығының аз бөлігі ғана қалды. 5 жер телімі мен қымбат көлігі мемлекетке өтті. Ал құрылысы бітпей қалған үйлерді мемлекет өз мойнына алды. «Комсомольский» тұрғын үйі кешенін аяқтауға қазынадан 4 млрд 8 млн теңге берілуі керектін. Ал инвестор өз тарапынан 800 млн құйды. Бірнеше жылдан соң құрылыс жұмысы жандана бастаған еді, бірақ бюджеттен бөлінген қаражат күткен жеріне келмей жатыр. Құрылыс тағы тоқтап қалды.
Күте-күте шаршаған үлескерлер бұл құрылыс аяғына бармауы мүмкін деп күдіктенеді. Бюджет қаражаты қолды болып, үйді сырып тастап, орнына қымбат үй салып, басқа бағамен сатпасына кім кепіл дейді олар. Соттасып жүруге тағы да уақыт кетеді. Ал осы тұрғын үйді салып, аяғына дейін жеткізуді мойнына алған «Елорда Құрылыс» квазимемлекеттік компаниясы инвестор мен құрылысшыны табуы тауып, жұмыс қызитын уақытта тоқтатып тастады дейді үлескерлер. Мәселені мән- жайын білу үшін атламыш компанияға хабарласқанымызда, ресми хат жолдап, үш күн күтуімізді сұрады.