0:00 / 0:00
БҚО әділет департаменті азаматтарды жеке мәліметтерді бөлісуде қырағы болуға шақырады. Өйткені кез келген адамнан айласын асыруды әдетке айналдырған алаяқтар енді өздерін әділет департаментінің қызметкері ретінде таныстырып, оңай олжа табуға көшкен. Сала өкілдерінің айтуынша, департамент қызметкерлері өтемақы төлеу мақсатында қаражат аударымын жасауды өтінбейді. Еске салсақ, алаяқтар бұған дейін қауіпсіздік комитеті, банк қызметкерлері, байланыс операторының маманы ретінде хабарласқан болатын. Олардың құрбаны болмаудың жалғыз жолы - жеке басты куәландыруатын ақпаратпен бөліспеу, банк карточкасының құпия сөзін айтпау немесе ұялы телефонға жолданған сілтемеге өтпеу.