0:00 / 0:00
Орал қаласында 2021 жылдың 11 айында 985 алаяқтық дерегі тіркелген. Олардың 527-сі интернет алаяқтығына тиесілі. Тәртіп сақшылары жыл санап өзгенің сеніме кіріп, ақысын қолды қылатын жандардың қатары көбейгенін айтады. Күн санап полиция қызметкерлеріне алаяқтықтың құрбаны болдым деп арыз жазған азаматтардың саны артып келеді. Сала мамандары алаяқтар көбінесе "банктен хабарласып тұрмыз"- деп қоңырау шалады,-дейді. Хабарласқан кезде "сіздің атыңызға несие рәсімделуде" деп қорқытады. Кейін қарыз болмас үшін керек деп тиісті ақпаратты сұратып алады. Алаяқтар тез, шұғыл түрде деректерді айтыңыз деп адамға психологиялық шабуыл жасап, ақпарат пен шоттағы ақшаны қалтаға басады. Мәліметтің барлығын берген зардап шегушілер зым-зия жоғалған ақшасын қайтара алмай, полиция қызметінің табалдырығын тоздырады.
НҰРЛАН ҚОЖАХМЕТОВ, ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
-Баз-біреулер банктен хабарласып тұрмыз дегенде ең бірінші телефонды жауып тастаңыз. Ешкіммен тілдеспей, олардың айтқанын ой елегінен өткізіңіз. Олардың айтқан ақпарын банктың ресми сайттары мен колл орталықтары арқылы тексеріп алыңыз. Және онлайн сауда жасауда сақ болыңыздар! Ресми сайттардан ақпар іздеп, сайттарды тексеріп алған абзал,-дейді полиция қызметкері.
Сурет https://rg.ru/ сайтынан жүктелді