2020 жылдың он айында Абай полиция бөлімінде 200-ден астам алаяқтық фактісі тіркелген. Алаяқтар өзгенің сеніме кіріп, ақшасын қалтасына басып, табанын жалтырады. Тәртіп сақшылары қазіргі таңда жұмысқа орналастырамын, пәтерді жалға беремін деп азаматтарды алдап-соғып жатқан жайттар көптеп кездесетінін айтады. Соңғы жылдары интернет алаяқтық та белең алуда. Оңай олжаға дәніккендер үйден шықпай-ақ немесе өзге елден отырып-ақ, азаматтардың тапқан таянғанын шоттарына аударып, хабарласқан телефонын сөндіріп, жоғалып кетеді. Абай полициясы бөлімі осындай 120-ға жуық қылмысты тіркеліпті. Сала мамандары тұрғындарға жалған жарнамаға сенбей, банк карточкаларының құпия сөздерін бөгде ешкімге айтпауды сұрайды.
Сурет https://borvedomosti.ru/operativnye-sluzhba/4825-distantsionnye-moshenniki-atakuyut-i-vyigryvayut.html сайтынан жүктелді