Оралда алаяқтық дерегі азамай тұр. Күн санап интернет арқылы өзгенің қаражатын жымқыратын жандар көбейіп келеді. Сәйкесінше полицияға арыз жазатындар қарасы да артқан. Сала мамандары алаяқтардың арбауына түспес үшін барынша сақтық шараларын ұстануға шақырады. "Банктен хабарласып тұрмыз"- деген хабарламаға сеніп қалмаңыздар дейді полиция қызметкерлері.
Нұрлан Қожахметов, Полиция басқармасы бастығының орынбасары:
-Алаяқтық дерегі азаймай тұр. Қазіргі таңда қылмыстың дені ғаламторға тиесілі. Қылмыскерлер ұялы телефонға түрлі бағдарламаны жүктеп алыңыздар деп хабарлама жібереді. Сілтемені басқанда ешқандай бағдарлама жүктелмейді. Осының арқасында алаяқтар телефондағы деректерді көшіріп үлгереді. Және "банктен хабарласып тұрмыз" деп қоңырау шалатын қылмыстар азамай тұр. Банктен хабарласып тұрмыз десе, дереу құтқаны қойып, қаржы ұйымының сенім орталығы немесе колл орталығына хабарласаңыз,-дейді.
Сурет https://tengrinews.kz/ сайтынан жүктелді