Прокуратура қызметкерлері құны 8,4 млн теңге болатын жалған еңбекақының бережағын анықтады. Жеке кәсіпкер кредитор алдындағы міндеттерін орындамау мен қаражатты ұрлау мақсатында Ж. есімді заңгерді 2011-2016 жылдары аралығында оның қарамағында қызмет жасады деген жалған анықтама берген. Сотта Ж. есімді азамат еңбекақы бережағы бойынша қарызын өндіруге қол жеткізген. Алайда, соттың бұл үкімі апелляциялық сатыда сот актісі бұзылған. Биылғы жылдың 23-шы тамызында алаяқтыққа жол берген екі азамат 3 жылға бас бостандығынан айырылып, келешекте коммерциялық ұйымдарда қызмет жасауына тыйым салынып отыр.