Орал қаласында алаяқтық фактісі азамай тұр. Абай полиция бөлімінің берген ақпарына сүйенсек, 2020 жылдың 6 айында 110 алаяқтық қылмыс тіркеліпті. Қылмыстың 70 пайызы интернет алаяқтарына тиесілі. Сала мамандары осы уақытқа дейін қылмыстың 49 пайызын ашқан. Қылмыскерлер зардап шеккен азаматтарға банк қызметкерімен деп өзін таныстырады. Шоттағы ақшаны базбіреулер тонап жатыр. Қаражатты аман сақтап қалу үшін сізге құпия сөз жібереледі деп сендіреді. Құпия сөзді біліп алғасын, шоттағы ақшасы жымқырып, табанын жалтырады. Сол себепті біреулер банк қызметкерімін немесе өзге мекемеден хабарласып тұрмын деп қоңырау салса, міндетті түрде мекемелердің колл-орталығына телефон соғып, ақпараттың анық-қанығына көз жеткізгеніңіз абзал. Және ешкімге банк карточкасының нөмірі, оның құпия сөзі, банк реквизиттерін айтпаңыз. Қазіргі таңда интернет алаяқтары әлемнің кез келген түкпірінде отырып жымысқы әрекеттерін жүзеге асыруда,-дейді полиция қызметкерлері.