Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Алаяққа алданып қалмаңыз !

c 16:13, 22/07/2020 c 663

0:00 / 0:00

Жасыратыны жоқ алаяқтық қаптаған қоғамда қорқынышпен таңымызды атырып келеміз. Заңда алаяқтық біреудің мал мүлкін сеніміне кіріп иемдену деп жазылған. Қалай болса да еңбекпен тапқан ақшасын алдап-арбап, қалтасына басу қылмыстың үлкені емес пе ? Бүгінде Орал қаласында алаяқтық фактісінің саны артып отыр. 2020 жылдың 6 айында ҚР ҚК 190 бабымен 387 қылмыс тіркелген. Шаһарға қарасты Абай полиция бөлімінің өзінде 110 дерек есепке алыныпты. Бұл оқиғалардың 70 пайызын ғаламтор алаяқтары құрайды.
Алаяқтар тіпті банк саласында қызметтерін ұсынып жүр. Ғаламторда қара тізімде тұрған азаматтарға еш қиындықсыз несиесін ресімдеп береміз деген жарнамалар да жиі кездеседі. Бүгінде осылай қақпанға түсіп, опық жеп қалғандардың қатары аз емес. Интернет арқылы сауда жасаймын деп, сан соғып қалған адамдар полиция басқармасының қызметкерлерінен көмек сұрап келеді. Ал алаяқтың қолына кеткен ақша кері қайтуы екіталай. Көп жағдайда қылмыскерлер қаражатты жұмсап жібереді. Ал заң бойынша шығынды өтеуге біраз уақыт кететіні анық.
Алаяқтық адам психологиясын және оның күнделікті әрекетін жақсы білуге негізделген. Бұл арада адамгершілік ұғымы туралы әңгіме болмайды. Олар өз әрекетін алдын ала тізбектелген жоспар арқылы іске асырады.
Алаяқтық үшін берілетін ең жоғарғы жаза — бас бостандығынан 10 жылға дейін айыру. Ол ұрлық жасаудың бір түрі. Ешкімде ешнәрседен сақталмаған. Алданбаймын деп тұрсаңыз да бойы бұлғаң, сөзі-жылмаң қылмыскерлердің айтқанын істеп, жетегінде қалай кеткеніңізді білмей, сезбей қалуыңыз ғажап емес. Сол себепті сақ болайық

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.