Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Алаяққа алданғандар

c 17:57, 05/11/2019 c 606

0:00 / 0:00

Орал қаласының бірнеше тұрғыны газ және су құбырларын жүргізіп береміз деп уәде берген мердігерге алданып, сан соғып қалды. Жәбірленушілердің барлығы да жұмыс басталмай жатып, ақшаларын санап берген. Осы орайда кімге барып құқықтарын қорғарға білмеген бірнеше отбасы арнамызға келіп көмек сұрады. Алданғандардың барлығы да баспаналарына көгілдір отын және су жүргізбек ниетте болған. Осылайша кәсіпкер мен ешқандай заңды ортақ келісімге келмей-ақ, бар жиған терген ақшаларын санап берген. Нұртай Қасымов үйіне су жүргізбек болса, Татьяна Каменская саяжайдағы баспанасына газ тартпақ болған. Оған да аталған кәсіпкер қажетті жұмыстардың жартысын орындап тайып тұрған. Екі жылға жуық уақыт өтсе де, аталған азаматқа хабарласа алмай әлек. Бастаған ісін аяқтамай, телефонға жауап бермей, қарпайым халықтың қыруар қаржысын қалтаға басқан жауапсыз мердігерге әбден ашуланған халық оның үстінен құзырлы орган өкілдеріне барып шағымданған.Осы орайда Орал қалалық полиция басқармасы мамандарынан істің анық қанығын білмек болдық. Олардың айтуы бойынша іс алаяқтық фактісі бойынша қозғалып, нақты дәлелдемелердің болмауы себепті өндірістік іс 16 қазанда қысқартылған. Ал қалалық прокуратура өкілдері бұл мәселе бақылауда дейді. Негізінен аты атлаған кәсіпкерден жапа шегіп, шағымданған отбасылар саны -10. Бүгінде олардың шағымдары бойынша Орал қаласының прокуратурасы жұмыстануда. Ал «Қазтрансгазаймақ» АҚ мамандары болса мердігерлерді бақылау біздің міндетімізге кірмейді дейді. Жалпы осы газ тарту мәселесіндегі былықтарды кім қадағалайды?.Бұл сұрақ ашық күйінде қалып отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.