0:00 / 0:00
Бірнеше адамды тақырға отырғызып, 54 млн. теңгені қалтаға басқан алаяқ әйел ұсталды. Тұрғындар тарапынан түскен шағым бойынша іздестіру операциясына кіріскен тәртіп сақшылары Орал қаласының 36 жасар тұрғынын қолға түсірді. Ол қарапайым халықты бас шаһарда кепілдікте тұрған пәтерлерді арзан бағаға алып беремін деп алдап, жиған-тергенін сыпырып алып ізін жасырған. Қазіргі таңда айлакердің үстінен ҚР ҚК -нің 190 бабының 3- бөліміне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.