0:00 / 0:00
Оралда дәл осындай атаумен xалықаралық ғылыми конференция өтті. БҚО әкімінің арнайы қатысуымен ұйымдастырылған шараға шетелдік ғалымдар да келген. Оларға қош келдің айтқан өңір басшысы, өз сөзінде "Биыл «Алаш» партиясы мен «Алашорда» автономиясының құрылғанына 100 жыл толады. Бұл – ұлт ретінде ұйысып тәуелсіз мемлекет құру жолындағы маңызды оқиға. Тәуелсіздік жолындағы күресте XIX және XX ғасырлар тоғысындағы ұлттық интеллигенция өкілдерінің рөлі айырықша орын алды. Алғашқы «Алаш» қозғалысы мен саяси партиясының, Алашорда үкіметінің пайда болуы қазақ саяси элитасының азаматтық кемелденуінің өскендігін және оның рухани қуатының жоғары екенін көрсетті, " - деп атап өтті.