0:00 / 0:00
Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өңіріміздің перзенті -Сейтқали Меңдешевтің ғибрата толы өмір жолы мен тұлғалық болмысы кеңінен шертілді. Міңберден сөз алған тарихшы Жаңабай Жақсығалиев, "Өңірімізде ең мықты аласармайтын екі алып тұлға болса, бірі -Ораз Исаев, ал енді бірі Сейітқали Меңдешев", - деп өз баяндамасын бастады.
Кеңесте оқылған баяндамалар легінде ұлы тұлға Сейтқали меңдешевтің Қазан қаласында Семенарияда оқып жүрген кезеңде-ақ, демократиялық қозғалысқа қатысып, 1919 жылы көтеріліс кезінде Бөкей даласындағы ұлт-азаттық көтерілістің көсемі дәрежесіне дейін көтерілгендігі, 1919 жылы "Мұғалім" журналын алға қойғандығы, облыста тұңғыш рет комсомол жиынын ұйымдастырғаны, сондай-ақ 1921 жылы егіннің шықпай қалуына туындаған жұт кезінде, Меңдешев төтенше комиссия құрып, ол аштыққа ұшырағандарға көмектесуге бар күшін салғандығы да сөз болды.
Келер жылы Қазақ Автономиялы Социалистік Кеңес Республикасының құрылғанына 100 жыл толмақ. Осы тұста, Қазақ КСРО-ның Оралық атқару Комитетінің бірінші төрағасы Сейтқали Меңдешев жөнінде сыр шертер ғылыми айналымға тартылмаған мұрағат құжаттарын жинақтау мен монография кітабын басып шығару, ел деңгейінде көше атауларына Меңдешевтің атын беру күн тәртібіндегі мәселе, - деген ұсынысын тарихшылар жолдады.
Өкінішке орай, тәуелсіздік тұсында насихатталуы кенжелеп қалған алып тұлғаның есімі тек Жаңақала ауданындағы бір мектептің атауында ғана бар. Осындай олқылықтарды жойып, өңір перзенті Сейтқали Меңдешевтің есімін кеңінен ұлықтауда , тарихшылар ұсынған ұсыныстарды Қоғамдық Кеңес мүшелері бір ауыздан мақұлдап, тиісті Комитет пен органдарға хат жолдайтындықтарын бір ауыздан атап өтті.
Ақбота, Манар,Рустам тдк 42