Жіберілген экологиялық заңнама бұзушылықтары үшін әкімшілік айыппұл салынды, сарқынды суларды ағызу жүзеге асырылған құбырларды жою туралы ұйғарым берілді.
Сурет : Ашық дереккөздерден алынды8 Тамыз 2019, 12:14
Алакөлге бассейндегі суды айдаған бес жұлдызды "Көктем Гранд" қонақүйін жабу туралы Алматы облыстық Экология департаменті сотқа талап-арыз түсірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Facebook-тегі парақшасында жазылды.
"Алматы облысы бойынша экология департаментімен Алакөл көліне сарқынды суларды ағызу фактісі бойынша «ALMATRADEGROUP» ЖШС-не қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Су жіберу көл жағасында орналасқан екі бассейннен (балалар мен ересектер) заңсыз орнатылған құбырлар арқылы жүзеге асырылған. Департаменпен кәсіпорынның құжаттары қарастырылды және судың сынамалары алынды. Тексеру нәтижелері бойынша сарқынды суларды мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы мен қоршаған ортаға эмиссияға рұқсатсыз ағызуды жүзеге асыру бөлігінде заң бұзушылықтар анықталды. Жіберілген экологиялық заңнама бұзушылықтары үшін әкімшілік айыппұл салынды, сарқынды суларды ағызу жүзеге асырылған құбырларды жою туралы ұйғарым берілді.
Сондай-ақ қазір қоршаған ортаға келтірілген залал сомасы анықталуда. Алматы облысы бойынша Экология департаментімен мекеменің қызметін тоқтату туралы сотқа талап арыз берілетін болады. Су ресурстарының сапасы тұрақты жағдайда, қоршаған ортаға қауіп байқалмайды. Алматы облысы бойынша Экология департаментімен «Қазгидромет» РММ филиалы, санитарлық-эпидемиологиялық қызметімен берлесіп суға мониторинг жүргізілуде" делінген министрліктің жазбасында.
Айта кетсек, алдында әлеуметтік желілерде Алакөлге құбыр арқылы ағып жатқан жаман әрі күмәнді судың видеосы жарияланып, бұл елдің ашуын туғызған еді. Ролик авторы бұл келеңсіз жайттың Ақши ауылында болғанын айтқан. Кейіннен бұл құбыр "Көктем Грант" бес жұлдызды қонақүйіне тиесілі екені, құбырдан аққан бассейн суы екені анықталған. Одан соң судың сынамалары алынып, көлді ластаған қонақүйге айыппұл салынған.