0:00 / 0:00
Көшім жалпы орта білім беретін мектебінде 273 оқушы біліммен қамтылған. Оқу ордасы сапалы біліммен қоса, жас ұрпақтың салауатты өмір салтын ұстануына басымдық беріп отыр. Мұнда 2004 жылдан бері «Қазақша күрес» үйірмесі жұмыс жасап келеді. Жылдар ішінде бала саны артқанымен, жаттығу орны өзгерген жоқ. Мектептің спорт залында Раушан Есенғалиев талай шәкірттің томағасын сыпырды. Соңғы үш жылда жаттықтырушының еңбегі ескерусіз қалған. Тәжірибелі бапкер жалақыға қосымша 17 мың теңге ғана төленетінін айтады. Жол-шығыны да ата-аналар мен оқытушының қалтасын қағады.
РАУШАН ЕСЕНҒАЛИЕВ
КӨШІМ ЖОББМ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ
«Aq jol» ҚДП БҚОФ төрағасының бірінші орынбасары Бағдат Ізмағанбет, Бәйтерек аудандық мәслихат депутаты Думан Шанов Көшім ауылына жұмыс сапары аясында үйірме қатысушыларымен кездесті. Ақжолдық депутат Думан Шанов жаңа оқу жылы қарсаңында қазақша күреске арналған киім-кешек пен матрасты жаңартып, спортшыларға қолдау білдірген болатын. Жанашыр азаматтың бұл жақсылығына жас палуандар мен спортты жанына серік еткен ауыл тұрғындары дән риза.
ДИДАР ЕРЕМИН
СПОРТШЫ
«Қазақша күрес» үйірмесінде 3-11 сыныпта оқитын 30 шақты бала жаттығады. Үйірменің жандануына қолбайлау болған мәселелер ақжолдықтардың бақылауына алынды. Сондай-ақ Көшім мектебінде тоғызқұмалақ үйірмесін ашу жоспарда. Ұлттық ойынды дамыту бастамасы Думан Шановтың ұсынысымен жүзеге асатын болады.