0:00 / 0:00
Ақжолдықтардың алғашқы кездесуі Орал орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесінде өтті. Референдум өткізудің тәртібі мен АЭС салудың мүмкіндігі әлеуметтік желіде кең ауқымда талқыланып жатқанымен, азаматтарды толғандырған сауалдар бар. Кездесуге қатысқан мекеме қызметкерлері “AQ JOL” ҚДП БҚОФ төрағасының бірінші орынбасары Бағдат Ізмағанбет пен қалалық мәслихат депутаты Юрий Казанинмен пікір алмасып, сұрақтарын жолдады. Мамандар «үгіт-насихат жұмыстарын өткізудің ұтымдысы осы. Қажетті ақпарат беріледі.»,- дейді.
ҚАЙРАТ ЕСЕНҒАЛИЕВ
ОРМАН ЖӘНЕ ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІН ҚОРҒАУ МЕКЕМЕСІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
Бұдан соң ақжолдықтар «Надежда» тігін фабрикасында болып, тігіншілермен ашық диалог құрды. Референдум өткізудің маңызылығына тоқталған қалалық мәслихат депутаты Юрий Казанин әр азамат дауыс беру арқылы ел дамуына үлес қосатынын жеткізді.
ЮРИЙ КАЗАНИН
ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ
Елде АЭС салу жөніндегі республикалық референдум 6 қазанда өтеді. Бұл аралықта ақжолдықтардың еңбек ұжымдарымен басқосуы әлі де жалғасады.