Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ақжолдықтар демалыс лагерьінде сенбілік өткізді

c 17:48, 21/05 c 2

«AQ JOL» ҚДП БҚО-ның жастар қанаты Балаларды қорғау күні қарсаңында «Самал» туристік лагерінде болды. Онда белсенді жастар тазалық шарасын ұйымдастырып, оның аясында гүл көшеттерін отырғызу, нысандарды сырлау жұмыстарын жүргізді. Осылайша, ақжолдықтар лагерь аумағын абаттандыруға үлес қосты.

Мұндай сенбіліктер демалыс орнын абаттандыру, қалыпқа келтіру ғана емес, сондай-ақ жастарды табиғатқа қамқорлық жасауға тәрбиелейді. Белсенді азаматтардың бойына бірлік сезімін қалыптастырып, еңбек мәдениетін дамытады.

Ақжолдықтар тазалық акциялары демалыс орнымен шектелмейтінін атап өтті. Өңір жастарының басын қосып, қоршаған ортаға күтім жасауды партия жоспарының маңызды бөлігіне айналдырмақ. Белсенді жастар еңбек етуге, жас демалушыларға қолдау көрсетуге дайын екендерін жеткізді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.