Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

"Ақжол" ҚДП БҚОФ бүгін аймағымыздағы аузы дуалы ақсалдарды жинап, партия жанынан Ақсақалдар кеңесін құрды

c 00:00, 25/02/2015 c 687

0:00 / 0:00

Кеңесті құру мақсаты, партия қатарына ақылман ақсақалдарды тартып, оларды қоғам өміріне белсене араластыру және өмір көрген, білгені көп үлкендердің ұсыныстарын тыңдау. "Ақжол" ҚДП БҚОФ бүгінгі жиналысын, жақында дүниеден өткен партияның белді мүшесі, Қазақстан Халықтары ассамблеясының мүшесі, қоғамдық қызметтердің бел ортасында жүрген "Республикалық дүңген мәдени орталығы" ҚБ аймағымыздағы төрағасы Кәрімов Әбдуманап Акбарұлын, бір минут үнсіздікпен еске алумен бастады. Соңынан, партия жанынан құрылған Ақсақалдар кеңесі мүшелігіне қабылданған аузы дуалы, аймағымызға зиялы ақсақалдармен ақылдасып, партияның алға қойған мақсат-міндеттерін біріге отырып талқыласты. Ел ағаларымен ақылдасқан партия филиалының өңіріміздегі төрағасы артынан партияға жаңадан қабылданған жандарға сенім білдіргендері үшін алғыс айтып, партия билетін табыстады. 21-ші ғасырдағы алаштың ақжолы атанған партия, ағамдағы жылы қазақ хандығының 550 жылдығының құрметіне арнап ел тарихы мен руханиятына қисапсыз қызмет етпек. Осынау жұмыс аясында дәстүрлі түрде өтетін, қомақты қаламақысы бар мүшайралар мен мақалалардың шығармашылық байқауы өткізілмек.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.