Орал қаласының "Ақжайық" футбол командасы алдағы демалыста ел чемпионатының премьер лигасы аясындағы кезекті кездесуіне дайындалып жатыр. 31-наурыз күні жерлестеріміз Павлодардың "Ертісіне" қарсы ойын көрсетеді. Ойын Ақсай қаласындағы "Қарашығанақ" алаңында өтеді. Себебі Оралдағы футбол алаңы талапқа сай келмейді деп танылып отыр. Тек маусым айынан бастап "Ақжайық" өз алаңындағы ойынды Петр Атоян атындағы стадионда өткізуге мүмкіндік алады.