0:00 / 0:00
Орал қаласының футболшылары ел чемпионатының бірінші лигасы аясында Қаратаудың "Лашынымен" кездесті. Алғашқы таймның өзінде жерлестеріміз алаң иелеріне тісін батырып, Мирам Сапанов пен Алексей Мальцев 2 допты қақпаға соқты. Ал екінші таймда Матиц Марушко мен оралдықтар сапындағы жаңа ойыншы Роман Кисметов есепті еселеп, мергендіктерімен командаға жеңіс сыйлады. Осылайша кездесу 4:0-мен аяқталды. Қазіргі кезде "Ақжайық" турнир кестесінде көшбасшы командадан 1 ұпайға ғана қалыс келеді.