Облыс орталығында "Ақжайық -мейірім мекені" атты қайырымдылық концерті өтті. Аталмыш шара өңір басшысының бастамасымен ұйымдастырылып жатқан "Мейірімді көктем" жобасының аясында жүзеге асуда. Қайырымдылық концерт тағдырдың тауқіметін тартып отырған отбасыларға көмектесуді көздейді. Сондай-ақ, көрермендер қолөнер шеберлерінің туындылары қойылған көрмені тамашалайтын мүмкіндікке ие болды. Концерт пен жәрмеңкеден түскен қаржы 2 жанұяға табысталмақ.