Оралдың "Ақжайық" футболшылары ел чемпионатының премьер лигасындағы кезекті кездесуіне дайындалып жатыр. Айта кетейік, "Ақтөбемен" арадағы ойынан соң бас бапкер Владимир Мазяр орнынан кеткен болатын. Бұл ойында 3:5 есебімен жерлестеріміз ұтылып қалды. Қазіргі жаттығулар бас бапкердің ассистенті Артур Авакянцтың басшылығмен өтіп жатыр. Ол: "Ойыншылар жақсы көңіл-күйде және денсаулықтары да қалыпты",- деп мәлімдеп отыр. Әрі келесі матчтың өз алаңында, жергілікті жанкүйерлер алдында өтуі - командаға үлкен қолдау болады деп күтілуде.
"Ойыншылар аман-сау. Қазір ойынға дайындықты жоспар бойынша жүргізіп жатыр. Біз командамыз үшін ұялмаймыз. Тек жеңіске ұмтылатын боламыз. Кездесу 19-мамыр күні сағат 17:00-де Атоян алаңында өтеді. Қарсыласымыз "Жетісу" командасы",-дейді "Ақжайық" ФК бас бапкерінің ассистенті Артур Авакянц.