Оралдың "Ақжайық" футбол командасы "Ертіспен" арадағы кездесуде ұтылып қалды. Бұл жолы матч сырт алаңда, Павлодар қаласында өткен болатын. Алғашқы есепті алаң иелерінің бірі- Милош Стаменкович допты қақпаға баспен ұрып дөп түсіріп ашқан болатын. Екінші голдың авторы- Фуад Салами атты ойыншы атанды. Ол 11 метрлік айып добын ойынның соңғы голына айналдырды. Осылайша 0:2 көрсеткішмен "Ақжайық" жеңіліс тауып, турнир кестесінің 6-шы орнына түсіп қалды.