Премьер-лига аясындағы кездесу Атырау қаласында болған еді. Жерлестеріміз осы матчтан соң турнир кестесінің 6-шы орнында келе жатыр. Қоржынында 23 ұпай. Ал қарсыласымыз-16 ұпаймен соңғы орында. Айта кететйік, алғашқы ұпай Игорь Зенковичтің орындауында 24-ші минутта жүзеге асты. Ойынның екінші жартысында Предраг Сикимич соңғы жеңіс голын соқты.
-"Алдағы ойын нәтижесін оңды қылуға тырысамыз. "Ақтөбе" командасына қарсы кездесу болады. Біз үшін әр ұпай алтынмен тең"-дейді "Ақжайық" ФК бас бапкерінің міндетін атқарушы Артур Авакянц.