Өткен жылы Оралдың "Ақжайығы" ойыннан ұтылып, премьер -лигадан шығып қалғаны есімізде. Сайыстан жеңіліс тапқан спортшылар бүгінгі таңда жаттығуларын бастап кеткен. Дайындықтарын пысықтау үшін аяқ допшылардың құрамасы Түркияға аттаныпты. Биылғы жылы украйндық бапкер Сергей Зайцев клубтың тізгінін ұстамақ. Түрік жерінде Оралдың "Ақжайығы" Сербияның супер лигасында өнер көрсететін «Спартакпен" ойнады. Шетелде өткен ойынның нәтижесі бойынша Ақжайық футбол командасы 3 те 1 есебімен жеңіске жетті.