0:00 / 0:00
Ел чемпионатының бірінші лигасы аясындағы "Восток" командасымен кездесу Орал қаласының Петр Атоян атындағы табиғи жабынды спорт алаңында өткен болатын. Бұған дейінгі бірнеше басымдықтан соң жергілікті аяқ допшылардың жанкүйерлері тек жеңістен дәмелі болып еді. Алайда үміттері ақталмады. "Ақжайықтың" бұл жолғы қарсыласы Өскеменнің "Востогы". Матч алғашқы айналымдағы соңғы ойын болатын. Осыған дейін турнир кестесінде 4-ші орында келе жатқан оралдық футболшылар кездесуден соң алтыншы орынға түсіп қалды. Бірінші таймның соңында Өскемендіктер сапындағы Алексей Шагин атты футболшы есепті ашып кетті. Қаншама қолайлы сәттер болғанымен, қақпаға соққан добы кері кеткен Ақжайық осылайша өз алаңында 0:1 мен қонақтарға жол берді. Алдағы екінші айналым алдында команда біраз тынығатын болады. Бұл үзіліс Ақжайықтың өзін-өзі қолға алуына сеп болсын деп тілейміз. Естеріңізге саламз, Орал қаласының футболшылары келесі ойынын 1-тамызда "Екібастұз" аяқ допшыларына қарсы өткізеді.