Бұл жөнінде бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім болды. БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысы Әсия Аманбаеваның айтуынша, нысан 5 жылға әрі қарай сатып алу құқығымен сенімді қолға беріліп отыр. Ақжайық алғаш саттыққа 2015 жылы шығарылған болатын. Ол кездегі белгіленген бағасы 2,4 млн теңгені құрады.
-Бұрын премьер лигадағы орынды сақтап қалу туралы тапсырма тұрған болатын. Биыл турнир таблицасында 8 орынға көтерілу міндеттелді. Қазір "Ақжайық" 6шы орында келеді. Клубтың бюджеті 1 млрд. теңгеден аз. Барлығын футболшылардың жалақысы қызықтырады. Бұл дегеніміз жалпы қаржыландырудың 50 пайызынан да төмен",-дейді БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әсия Аманбаева.