Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

"Ақжайық" ФК өз алаңында жанкүйерлерін жеңіспен қуантты

c 15:48, 21/05/2018 c 891

0:00 / 0:00

"Ақжайық" футбол командасы өз алаңында жанкүйерлерін жеңіспен қуантты. Талдықорғанның "Жетісу" ойыншыларын қабылдаған аяқ допшылар үмітті ақтады. Ел чемпионатының премьер лигасы аясындағы кездесу 2:0 есебімен жерлестеріміздің пайдасына шешіліп, турнир кестесінің 6-шы орнына жайғасты.

Ойын Сенбі күні Орал қаласында өтті. Бұл Премьер лига аясындағы 11 тур кезесуі. Оралдықтар жеңіске деген құлшыныстарын бірден байқатты. Алайда тек 2-таймның 67-ші минутында ғана алғашқы есеп ашылды. Адеринсол Эсеол Руслан Хайыровтың добын жалғап, голға айналдырды. Арада 13 минут өткен соң украиндық легионер есепті еселеді. Осылайша кездесу 2:0 есебімен Ақжайықтың жеңісімен аяқталды.

Жанкүйерлерді алаңға қолдауға шақырған Артур Авакянц осыған дейін жеңіске ұмтыламыз деп сөз берген болатын.

Артур Авакянц - "Ақжайық" ФК-ң бас бапкер м.а.
Шыдамды болдық. Өзіміздің сәтті кезеңімізді күттік. Екі гол да сол мезгілде соғылды. Алғашқы құрама құрылған күндерде енгізілген стильді сақтадық. Маған дейін басқа бапкердің сіңірген еңбектері зор болды. Осы бағытта жұмыс жасай береміз.

Қазір Ақжайық турнир кестесінің 6-шы орнына жайғасты. Қонақтар бапкері өз шәкірттерінің ойынына көңілі толмағанын жеткізді.

Дмитрий Огай - Жетісу командасының бас бапкері
Жеңілуіміздің себебі анық. Команда өте баяу қимылдады. Тіпті дұрыс шабуыл да жасамады. Ал қарсылас керемет шабуылдарымен тыным бермеді.

Енді 27 мамырға дейін чемпионатта үзіліс жарияланады. Ал екінші айналымның алғашқы кездесуінде жерлестеріміз Қызылорданың Қайратына қарсы өнер көрсетпек.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.