0:00 / 0:00
БҚО Ақжайық ауданында әр тоқсан сайын ашық әкімдік шарасы өтіп тұрады.Бұл күні аудан әкімі өзі бастап халықты қабылдап, олармен сөйлесіп айтар арыз - шағымдарын тыңдайды.Бүгін осы жерде аудандық әкімдіктің барлық бөлімдерінің басшылары халықты қабылдап жатыр.
Негізінен тұрғындар жол мәселесі мен жұмыссыздықты сөз етіп келіп жатыр.Ауылдық жерде жұмыспен қамту ісі қашанда өзекті.Одан бөлек аудан ішілік жолдардың мәселесін көтерген тұрғындар да бар.Қоқыстың уақытылы шығарылуы мен аудандағы тәртіпті қадағалайтындарға қатысты да сұрақтар болып, әр салаға жолданды.
Халықтың тарапынан көтерілген барлық сұрақтар тиісті жерлерге жоданып, алдағы уақытта шешімін табатын болады.