"Ақжайық айтысының анасы" атанған Шолпан Қадырниязова 70 жасқа толды. Ақын 51 мәрте айтыс аламанына қатысып, соның 29-ында бас жүлдені қанғыжалады. Бұдан бөлек, Шолпан Батырқызы саналы ғұмырының 20 жылын мемлекеттік қызметке арнаған. Түрлі жылдары қалалық тілдерді дамыту бөлімінің басшысы, облыстық мәслихаттың аудармашысы мен облыстық тілдерді дамыту басқармасының бастығы қызметін абыроймен атқара білді. Ақжайықтың ақын қызы "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері" атағы мен "Ерен еңбегі үшін" медалінің иегері. Салтанатты шарада Шолпан Батырқызының "Анадан ақыл, әжеден әдеп" атты туындының тұсауы кесілді.