Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«АҚШАНЫҢ СОҢЫНА ТҮС»

c 18:54, 26/08 c 33

0:00 / 0:00

ІІМ Қазақстанның Орталық Азиядағы есірткі өндірісінің эпицентріне айналғанын айтады. Есірткі үшін қатаң жазалау шараларына қарамастан, біздің «синтетика» Қырғызстан мен Өзбекстанның «нарықтарын» белсенді түрде толықтырып жатыр. Қазақстанда есірткі өндірісі үшін жазаны қатайту керек дейді құзырлы орган өкілдері. 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе өмір бойы бас бостандығынан айыру туралы ұсыныс бар. Енді полиция қаржы мониторингі жөніндегі органдармен қылмыстық кірістерді жылыстатуды бірлесіп қолға алмақ. Тәуекелі жоғары қылмыстарға қатысты қаржылық тергеуді қатар жүргізу институты толыққанды қолданылатын болады.

ЕРЖАН СӘДЕНОВ – ҚР ІІМ «Жедел-тергеу тобының құрамына қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлдері де кіреді. Қаржылық қылмысты анықтау тергеуі қатар жүргізіледі. Бұл жәбірленуші жағын құқықтық қорғауда тиімді болады. Ендігі Астана мен Қарағандыда ірі көлемдегі кірісті заңдастыру фактісі анықталды. Бұл есірткі тәркілеуден, притон ұстағандардан алынған кіріс.

Осы келісімге қол қоя отырып, жұмыс белсенді жүргізілетін болады».
Сондай-ақ, Қазақстанда синтетикалық нашақорлық өсуде. Есірткі саудасында дилерлер жастармен жұмыс істейді. Ол үшін заманауи технологияны кеңінен қолданып отыр. Хабарландыруларды тарату үшін мессенджерлері, крипто-әмияндарды қолданады, боттарды белсенді пайдаланады. Бүгінгі таңда қазіргі заманғы есірткі бизнесі дәстүрлі қаржыландырудан заңсыз криптоалмасу ұйымдары жәрдемдесетін криптовалюталар саласына көшті. Өткен жылдан бері «Telegram» әлеуметтік желісінде есірткі сату бойынша 55 интернет-арна анықталған. Ішкі істер органдарына шамамен 30 материал жолданып, 18 қылмыстық іс тіркелген.

ДМИТРИЙ МАЛАХОВ - ҚР ҚАРЖЫЛЫҚ МОНИТОРИНГ АГЕНТТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ «Жыл сайын заңсыз айналымнан ондаған тонна тиым салынған заттар тәркіленеді. Ұйымдасқан топтар әшкерленеді. Бізге бірлесе отырып, қаржылық тергеуді қатар жүргізген тиімді болады».

ІІМ Қазақстанда есірткіге тәуелділердің саны ресми статистикадан 10 есе көп деп есептейді. Елде наркологиялық есепте 18 мыңнан астам адам тұрады, бiрақ есiрткiге тәуелдiлердiң нақты саны шамамен 200 мыңға жетуi мүмкiн. Енді есiрткi пайдаланатын адамдарды мәжбүрлеп есепке қою жоспарланып отыр. Соңғы бес жылда тәркіленген және пайдалануға дайын синтетикалық есірткілердің көлемі 10 кг-нан тоннаға дейін күрт өсті. Айта кетейік, ҰҚК күшімен 2024 жылдың басынан бері есірткі жеткізудің 40-тан астам арнасы жойылды. Бұл ретте, «қара нарықта» тәркіленген есірткінің құны шамамен 17 млрд теңгеге бағаланып отыр, ал айналымға жіберілмегені шамамен бір реттік доза 5 млн құрайды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.