0:00 / 0:00
Мәжіліс депутаттары білім министрінен салаға бөлінген қаражаттың қайдан кеткенін сұрады. Бүгін өткен Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында өңірлерді аралап, мән-жайды көріп қайтқан депутаттар, қашықтықтан білім алу оңай боламй отырғанын айтты. "Ақжол" фракциясының депутаттары аймақтарда оқушыларға қашықтықтан оқуға жағдай толық жасалмағанын айтып, дабыл қақты. Ал жаңа оқу жылының алдында білім министрі Асхат Аймағамбетов жаңа оқу жылында қашықтан білім беру жағынан қиындық болмайды деп сендірген еді.
Өңірдерді аралап келген депутаттардың үкіметке қояр сауалы да, талабы да көп. «Ақ жол» фракциясының депутаттары орта білімге бөлінген қыруар қаржы қайда кетіп жатыр деп дабыл қақты. Депутат Еспаева көпбалалы отбасылардың балалары бір смартфонға таласып, сабақ оқып жүр. Ал көптеген елді мекендерде интернет те жоқ дейді. Шалғай жатқан аулыдарды айтпағанда, шағын қалаларда ата-аналар интернеттің жоғын айтып шағымданған. Баяғы жартас, сол жартас жаңа оқу жылы басталмай жатып, интернетттің проблемасы көбейіп кетті дейді депутат.Мәжілісменнің дерегіне сүйенсек, қазынадан 28 миллиард теңгеге трансферттер бөлінді. Бұл ақша мектептерді интернетпен қамтуға, қажетті жабдықтарды сатып алуға жұмсалған. Ол аздай,білім министрлігі Дүниежүзілік банктен миллиондаған қарыз алды. Осы қыруар ақша қайда кетті деп ашуланды депутат Еспаева.
Дания Еспаева – ҚР ПМД «2017 жылы білім және ғылым министрлігінің бастамасымен Дүниежүзілік банктен 67,5 миллион теңге қарызға алынған болатын. Жобаның атауы – "Орта білімді жаңғырту". Ал негізгі мақсаты – қала мен ауыл мектептерінің білім беру деңгейін теңестіру. Осылайша, 5 мың мектепті мультимедиялық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге шешім қабылданды. Ауыл мектептерінің барлығына компьютерлер мен кеңсе техникасы жеткізіледі деген жоспар болған. Алайда жобаның бірде-бір бағыты бойынша конкурс жарияланған жоқ. Ал компьютерлер мен интернет құралдарын сатып алуға қатысты техникалық тапсырма да әзірленбепті. Соған қарамастан, Қазақстан үш жыл бойы қарызды резервтеу үшін комиссияны төлеп келеді. Ол шамамен 160 мың доллар. Себебі білім және ғылым министрлігі тиісті жұмысты бастаған жоқ"
Не керек, сұрауы жоқ миллиондардың қайда кеткені беймәлім. Ал ол аздай шілде айында білім министрлігі үкіметтен тағы 74,2 миллиард теңге сұраған. Бұл да сол мектептерді цифрландыруға жұмсалады деген.Мәжіліс депутаты премьер-министр мен есеп комитетінің төрайымына сауал жолдап, қашықтан білім беруге бөлінген бюджет қаражатының қалай жұмсалғанын тексеріп шығуды сұрады. Ал Дүниежүзілік банктен алынған қаражаттың қайда кеткенін анықтауды талап етті. Өз кезегінде Коммунистер қашықтан оқыту форматының тиімділігіне күмән келтіріп, оқушыларды мектепке қайтаруды сұрады.
Ирина Смирнова – ҚР парламент мәжілісінің депутаты "Осыған байланысты коммунист депутаттар қазіргі қағидаттарды өзгертіп, қашықтан білім беруді дәстүрлі және аралас режимге ауыстыруды талап етеді. Әрине, санитарлық нормалар сақталуы шарт. Білім және ғылым министрлігі оқушыларға білім алуға тең жағдай жасауы тиіс. Халқымыз өз тарихында сан алуан жағдайға тап болған. Соғыс жылдары, тіпті, сүзек, оба мен туберкулез сияқты аурулар өршіп тұрғанда ел бойынша мектептер жабылған жоқ. Сабақтар дәстүрлі түрде өткізіліп тұрған. Бірақ санитарлық нормалар қатаң сақталды"
Үкімет басшысына жолдаған сауалында қашықтықтан оқыту білімнің сапасын төмендетеді. Балалардың техникалық мүмкіндігі бірдей емес. Содан білім алу жағынан теңсіздік орын алуда. Ата-аналар болса, жұмыс істеудің орнына балалардың жанында отыруға мәжбүр деді Ирина Смирнова.