Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ақша аз

c 18:02, 06/11/2019 c 645

0:00 / 0:00

Бюджеттік реформа. Енді шағын және орта бизнестен түскен корпоративтік табыс салығы жергілікті  бюджетке түсетін болады. Бүгін мәжілісте қаралған бюджетаралық қатынастарды жетілдіру мәселелерін қамтитын заң жобасы осыны көздейді.  Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов бұл жаңашылдық  2020 жылдан бастап  жүзеге асатынын айтады. Алайда, депутаттары шағын және орта бизнесі дамымай жатқан аймақтардың мәселесі не болады деген сұрақ мазалады.

Бюджет қатынасын реттейтін заң жобасына сәйкес, келесі  жылдан бастап шағын және орта бизнестен түсетін корпоративтік табыс салығын жергілікті бюджеттерге беру ұсынылып отыр. Ал ірі кәсіпкерлік субъектілерінің корпоративтік табыс салығы республикалық бюджетке түседі. Бұл аймақтардың республикалық бюджетке қол жаймай, өз мәселесін дербес шешуге мүмкіндік береді.

Бүгінде барлық салық республикалық бюджетке құйылып, аймақтардың қажетіне тиісті қаражат бөлініп отыратын. Енді жергілікті жер өзін –өзі қамтитын болады. Яғни өңірдегі шағын және орта бизнестен түскен корпративтік табыс салығынан жергілікті жерді дамытуға жол ашылды. Бірақ, бір әмселе бар. Еліміздің барлық аймағында бірдей шағын және орта бизнес дүркіреп тұрған жоқ. Бизнестің салығына тәуелді болған аймақтың даму барысы әлсіреп қалмай ма деген сауал туындайды.

Корпоративтік табыс салығынан түскен қаражат аймақ тынысына серпін беріп қана қоймай, шағын кәсіпкерліктің дамуына да жол ашуы тиіс. Мәжіліс төрағасы министрден осыны шешу жолдарын сұрап еді...Министр экономикада ақшаның аз екенін мойындады.

Қазақстан экономикасындағы  шағын және орта бизнес 25-28 пайызды құрап отыр. Ал өңірлерді дамытатындай деңгейге жету үшін, бұл бизнес  50 пайызды құрауы тиіс.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.