Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ақша айырбастау пунктін тонағандар 9 жылға сотталды

c 17:56, 13/04/2021 c 357

0:00 / 0:00

Өткен жылы ақша айырбастау пунктінің қожайынын тонап, 45 миллион теңге шығын келтірген қарақшылық топқа бүгін сот үкім шығарды. Айыптылар оңай жолмен тапқан ақшаға қымбат қалта телефонын сатып алып, көлік мінген. Қарақшылардың бұл әрекеттері көп ұзамай әшкереленді. Ал туыстары сотталған жігіттердің жазықсыз екендігін айтып, шыр-пыр болуда.Қарақшылық оқиғасы өткен жылдың 28-ақпанында болған. Ақша айырбастаумен шұғылданатын оралдық азаматқа көзді жасаурататын газ шашып, қолындағы ақша толы сөмкесін тартып алып кеткен. Жәбірленуші шығынын 45 миллион теңгеге бағаланған. Одан бөлек сөмкеде доллар мен еуро да болыпты. Бұл іс бір жылдың үстінде тергелген. Айыптылар кінәләрын толықтай мойындаған. Және бұл істерін жоспар бойынша жасапты. Сот үкім кескен кезде екі сотталушының кішкентай балалары бар екенін ескерді.Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. Осы орайда сотталушылардың туыстарының бірі бұл үкіммен келіспеді. Бауырын ақтап алатынын сеніммен айтқан Зульфия Шәріпова: "іс қаралғанда бұрмалаушылық болды",- дейді.Сот үкімімен тоналған ақшаға сатып алынған ұялы телефондар мен көлік мемлекетке кері қайтарылды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.