Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ақсақалдар кеңесі

c 15:05, 03/07 c 4

0:00 / 0:00

Орал қаласында ақсақалдар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Қариялар өскелең ұрпақтың тәрбиесін талқылады.

Қазақстан халқы Ассамблеясының ғимаратында Ақ Жайықтың ақсақалдары бас қосты. Қариялар кеңейтілген отырыста жыл бойы атқарылған жұмыстарын жіпке тізіп, болашаққа арналған жоспарларымен бөлісті. Жиынға қатысқан жандар саналы қоғамды қалыптастырудағы басты қиындықтарды атап айтты. Іс-шараның алғы сөзін бастаған ақсақал Жайсаң Ақбай ұлтаралық достықтың қадірін түсінуге шақырды. 100 жасаған қария достықты көздің қарашығындай сақтау қажетін еске салды.

Саналы қоғамды қалыптастырудағы кедергілердің бірі-ойынқұмарлық. Қоғам дертіне әсіресе, жастар әуес. Ставка тігіп, оңай ақшаға қарық болам деген жандар, аурудың апанына қалай тап болғандарын білмей жатады. Осы дерттің салдары көп. Жас отбасылардың шаңырағы шайқалып, миллиондаған қарыздың қамытын арқалайды. Ассамблея жастары қоғам індетімен күресте түрлі әдіс-тәсілдерді қолға алыпты.

Ақсақалдар кеңесінің кеңейтілген отырысында мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту мәселесі де талқылады.

Қазақта "Артыңнан мал қалғанша, тал қалсын"- деген нақыл сөз бар. Осы нақылды ұстанған ақсақалдар шырша талдарын отырғызып, тарқасты.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.