0:00 / 0:00
Ақсай қаласында 240 орынға жабдықталған балабақша іске қосылды. Аталмыш нысан барлық қажетті делінген құрал-жабдықтармен жабдықталған. Мектепке дейінгі орталық моно қаланың солтүстігінде орын теуіпті. Су жаңа нысанның ашылу салтанатына арнайы облыс әкімі Алтай Көлгінов қатысты. Соңғы жылдары Бөрлі ауданында балабақшалардың көптеп салынуы арқасында Ақсайлық бүлдіршіндер мектепке дейінгі орталықтармен толықтай қамтамасыз етілген.
Ата-аналар мен балалар бұл балабақшаның ашылу салтанатын ұзақ күткен еді. Бүгін олар үшін ең қуанышты күн десек те болады. Аталмыш мектепке дейінгі орталық Ақсайлық бірінші мектептің жанынан ашылып отыр. Балабақша "КПО"Б.В" компаниясының есебінен бой түзеген. Ғимарат барлық қажетті құрал жабдықтармен жабдықталған. Балабақшадағы ойыншықтар мен түрлі техниканың баршасы баланың ой- өрісін дамытуға көмектеспек.
Бүгінгі таңда Ақсай қаласы бойынша 3 жастан 6 жасқа дейінгі 52 бүлдіршін балабақша кезегінде тұр. Сала мамандары осы айдың аяғына дейін балаларды 100 пайыз балабақшамен қамтамасыз етуді көздеп отыр. Жаңадан мектепке дейінгі орталықтың ашылуы арқылы бірнеше азамат жұмысқа орналасып, отбасын асырауға мүмкіндік алды.
Бөрлі ауданына жұмыс сапарымен табан тіреген өңір басшысы балаларды толықтай балабақшамен қамтамасыз ету "Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік" аясында жүзеге асырылып жатқандығын тілге тиек етті. Облыс көлемінде жұмыс жасап жатырған 500 мектепке дейінгі орталықтың 52-сі жекеменшік болып табылады.