Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

АҚСАЙДА 14 ОТБАСЫ ҚОНЫС ТОЙЫН ТОЙЛАДЫ

c 16:19, 02/08 c 45

0:00 / 0:00

Көктемде Шыңғырлау өзенінің су деңгейі көтеріліп, жақын маңдағы ауылдарды шайып өткен болатын. Қаннен қаперсіз отырған тұрғындар лезде қауіпсіз жерге көшіп, бас сауғалап үлгерді. Ал баспана мен дүние-мүлік су астында қалып, беті қайтқаннан кейін ғана жағдайды саралау мүмкін болды. Тасқын су шайған аймақтың бірі - Ақсай қаласындағы Аралтал шағынауданы. Қазір бұл ауданның бұрынғыдан ажары кіріп қалды. Бір типтік баспаналар салынып, аулалар қайтадан балалардың ойын-күлкісіне толды. Бүгін - бұл көшеде үлкен мереке. Су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға баспана берілді. Жаңа пәтердің кілттерін облыс әкімі Нариман Төреғалиев табыс етті.

НАРИМАН ТӨРЕҒАЛИЕВ

ОБЛЫС ӘКІМІ

Мердігер мекеме басшысының айтуынша, шағынауданда 14 баспана бой көтерді. Құрылыс жұмыстарына еңбек бригадасы мен жергілікті тұрғындар тартылған. Тұрғын үйлер бір типті, ауданы - 80 шаршы метрден асады. Құрылыс компаниясы екі жыл кепілдік мерзімін береді.

АЗАМАТ ТАЖЕНОВ

ҚҰРЫЛЫС КОМПАНИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

Ақсай қаласының тұрғыны Жақсылық Ибрашев салтанатты шараны тағатсыздана күтуде. Бүгін Ибрашевтардың жанұясына жаңа пәтердің кілті табысталады. Техникалық бағалау жүргізген мамандар тұрғын үйдің тұруға жарамсыз екенін айтқанда көңіліне күдік ұялағанын айтады. Бір күнде баспанадан айырылған отбасы «қолдау білдірген жанашыр жандарға алғыстан басқа айтарым жоқ»,- дейді.

ЖАҚСЫЛЫҚ ИБРАШЕВ

АҚСАЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

Сондай-ақ Кеңтүбек ауылында 11 үй пайдалануға тапсырылды. Мердігер компания 3 ай ішінде типтік баспананы салып берген. 80 шаршы метрлік үй 3 жатын бөлме, ас және жуынатын бөлмелерден тұрады. Бұл жұмыстарға 305 млн теңгеге жуық қаражат жұмсалып отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.