Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ақсай қаласының тұрғыны поезда босанды

c 17:22, 13/12/2021 c 2255

0:00 / 0:00

Орал қалалық көпбейінді ауруханасының акушер маманы Лунара Ерғалиева жолда толғағы қысқан Ақсай қаласының тұрғынын босандырып алды. Жол бойында аман-есен жаны қалған әйел үшінші рет ана атанған. Лунарамен арна тілшілері кездесіп оқиғаның жай-жапсарын өз аузынан естіп қайтты.«Алматы Орал» бағытындағы жолаушылар пойызында болған оқиғаны баяндаған медицина маманы еңбек еткен 14 жыл ішінде жүздеген сәбидің кіндігін кескенімен бұл өте ерекше, оған қоса, қауіпті де оқиға дейді. Өйткені жолаушылар пойызында әйел адамды босандыруға арналған медициналық құрылғыларды айтпағанның өзінде баланы орайтын жаялықтарды табу қиынға соғыпты. Алдымен Лунара Ерғалиева толғағы қысқан келіншекті психологиялық тұрғыда өзінің медицина маманы екенін айтып сендіруге тырысқанын және оған сәбиді аман-есен өмірге келтіру үшін өзіне көмектесуі қажеттігін айтыпты. Жолсеріктер де сәбидің жарық дүниеге келуі үшін бар мүмкіндікті жасапты. Яғни меициналық спиртті арақпен алмастырып, жолаушылардан медициналық қолғап алынған. Салмағы 4 келіге жуық ұл бала екі сағаттың ішінде өмірге келген. Ана жүктіліктің 38-ші аптасында болыпты. Аурухана директоры Арман Мырзахметов ұжымындағы мамандармен мақтанады. Акушер маман Лунара Ерғалиеваның өзі үш баланың анасы. 25 жасында үшінші рет жолаушылар пойызында ана атанған келіншек ұлымен Ақтөбе облысы Әйтке би сатансасындағы перзентханаға жеткізілген. Оқиға 7-ші желтоқсан күні болған. Қазір ана мен бала өз үйлеріне келіпті. Сәбиге Әлинұр деген есім берілген.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.