Туберкулез ауруының асқынуына тұрғындардың өздері кінәлі. Ақхалаттылардың айтуынша, бұқараның 50 пайызға жуығы туберкулез сынды қауіпті дерт жөнінде еш ақпар білмейтін көрінеді. Эпидемиологтар осылайша тұрғындардың өз өмірлеріне қауіп төндіретінін айтып дабыл қағуда. Ақпараттандыру ісіндегі қателік қай жерден кетіп отыр? Неге облысымыз бұл көрсеткіште кенже қалды? Ұлттық ғылыми пракитикалық орталық жүргізген статистика леуметтік сауалнама санитарлық-ағартушылық жұмыстардың әлі де ақсап тұрғанын аңғартады. Бұған ақхалаттылар да алаңдаулы.
Татьяна Новокрещенова
Бқо туберкулезге қарсы диспансердің директорының орынбасарыЕлімізде соңғы жылдары туберкулезбен ауру жағдайлары азайды. Қауіпті дерттен көз жұму фактілері 10 есеге дейін қысқарып отыр. Халықты құлақтандыру жұмыстары да үнемі жүргізіледі. Алайда, қиындықтар да жоқ емес. Мәселен Қалаға көшіп келген тұрғындар, емханалаорға тіркелуге асықпайды. Осының салдарынан флюрографияға да түспейді
Бүгінде 21 Медициналық мекемеде туберкулезге қарсы кабинет бар. Қажетті кеңестер де, медициналық қызмет те осы кабинеттерде көрсетіледі. Бұл ауруға шалдыққандардың әрбір үшіншісі туберкулездің ашық түріне шалдыққан көрінеді. Мамандар, туберкулездің алдын алудың басты жолы - вакцинация екендігін айтады. Алайда, өткен жылдың өзінде 100ге тарта нәрестенің ата-анасы сәбилеріне екпе салдырмаған. Дәрігер мамандар енді ақпараттандыру саласын күшейтіп, нақты жұмыстарға көшпек.