0:00 / 0:00
Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов әлі күнге дейін қаладан 10 шақырым жердегі резиденцияда тұрады. Онда 13 нысан бар. Жыл сайын резиденцияның шығынына 50 млн теңге жұмсалады екен. С Журналистер елордаға келіп, онлайн брифингке қатысқан әкімнен үйіне қатысты тағы да сұрады.
Ел астанасына ат басын тіреген Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовпен көзбе-көз кездеспесек те, онлайн отырып жүздесуге тура келді. 1,5 жыл бойы журналистермен қашықта қарым-қатынас орнатқан әкімдерге бұл ыңғайлы болып тұрған сияқты. Дегенмен, тілшілер әкімнің үйіне қатысты мәселені тағы көтерді. Әкім Мұхамбетов әлі күнге дейін Қостанайдан 10 шақырым жердегі резинденцияда тұрып жатыр. Алты жыл бойы осы өңірді басқарып отырған
Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов тұратын резиденция толығымен салық төлеушілердің есебінен қамтылып отыр. Резиденцияда 13 нысан бар. Жыл сайын оның шығындарына әкімдік бюджетінен 50 млн теңге жұмсалады. Шығын негізіген- коммуналдық қызметті, сондағы қызметкерлердің жалақысын төлеуге қарастырылған. Онда нысандардың бірінде облыс әкімі тұрады. Қостанайлық БАҚ –ң мәліметінше, сондай-ақ ол жерде теннис корты, бассейн, монша тағысын тағы жанға жайлы жағдай жасалған. Нысанның жалпы алаңы 21 гектар жерді құрайды. Әкімдіктің ақпаратына сүйенсек, облыс басшысы бұл нысандардың рахатын көрмейді екен. Ол делегацияға арналған көрінеді. Ол кешеннің ішіндегі бір ғана үйде тұрады. «Не себепті әкім осы жанға жайлы жерден көшпей отыр? Қала ішінен баспана бұйырмады ма?»- деген сауал қойылды.
Архимед Мұхамбетов – Қостанай облысының әкімі «Осы сұраққа екі жыл бұрын жауап бергем. Бұл резиденция 50-60 жыл бұрын салынған. Маған дейін де облыс әкімдері ғана емес, КСРО кезінде партия хатшылары да тұрған. Кешендегі мен тұратын үй 200 шаршы метрді құрайды. Жалпы кешенді ұстап тұруға 50 млн теңге жұмсалады. Ал кешендегі өзім тұратын үйдің шығынын қалтамнан төлеймін. Ол кешенді жекешелендіруге беру қарастырылып отырған жоқ. Егер қызығушылық танытқан кәсіпкерлер болса, құзырлы департаментке шықсын».
Жергілікті халықтың салығына ұстап отырған айтулы резиденция табиғаты керемет жерде орналасқан. Таза ауа, көрікті жер. Сондықтанн әкімнің бұл жерден көшетін түрі жоқ. Жалпы Қостанайдың басшысы қоғамның қызығушылығын арттыра ма, оған қатысты алып-қашпа әңгіме де көп. Мысалы жақында Архимед Мұхамебтов үкімет басшысының орынбасары болып тағайындалады деген қауесет тарағанды. Алайда, әкім бұл ақпаратты жоққа шығарды.