Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ӘКІМДЕР АУЫСУЫ МҮМКІН БЕ?

c 09:21, 20/05 c 57

0:00 / 0:00

Ақорданың хабарлауынша, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевты қызметінен босатты. Осылайша 2021 жылдан бүгінгі күнге дейін Маңғыстау өңірін басқарған Нұрлан Ноғаев та жылы орнымен қоштасты. Жалпы Ноғаевтың қызметі энергетика саласында басталып, БҚО, Атырау облыстарын басқарды. Энергетика министрі болды. Тәжірибесі мол Нұрлан Асқарұлының қызметінен кету себебі белгісіз. Алайда, бір күн бұрын Маңғыстау облысының күштік құрылым басшылары ауысты. Полиция департаментінің басшысы, облыстың бас прокуроры, тіпті өңірдің ҰҚКД бастығы да қызметінен кетті. Осыдан-ақ Ноғаевқа тықыр таянды ма деген сауал туындаған еді.

Ноғаевтың отставкаға кетуі тасқын судан зардап шеккен облыстардың әкімдерін де есіп өтуі мүмкін. Себебі, депутаттардың айтуынша, халықты әбігерге түсіріп, шығынға батырған әкімдер тасқын судың алдын алмағаны үшін жауа беруі керек. Мұндай жағдайда азаматтық танытып өздері отставкаға кетуі керек пе? Мәжілісмендерді пікірі екіге жарылды.

Халыққалаулылары айтқандай, егер елде орын алған су тасқынының салдарымен күрестен соң әкімдер ауысып жатса, олардың орнына кім келеді? Кризисменеджерлер бар ма? 98 депутаттың арасында шертіп тұрып таңдап алатын дайын кадр баршылық дейді олар.

Еске сала кетейік, биылғы көктемде Қазақстанның басым аумағында тасқын болып, 13 мыңға жуық үй су астында қалды. 26 мыңға жуық саяжайды су басты. 119 мыңнан астам адам эвакуацияланды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.