Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Әкім сағаты

c 17:00, 12/04/2019 c 764

0:00 / 0:00

Орал қаласы күннен күнге көркейіп келеді.  Жыл сайын облыс орталығына  қоныстанушылар қатары да артып, жаңа шағынаудандар бой көтеруде. Қанша адам болса сонша мәселе де бары аян. Осы орайда тұрғындар толғандырған сауалдарға кеше қала әкімі арнамыз арқылы тікелей эфирге шығып жауап қатты. Әсіресе Оралдықтарды баспана мен жол мәселесі толғандырды. Эфирде әлеуеттің әлеуметтік мәселесіне баса мән берілді. Мәселен, Сарытау мен Зашағандықтарды және Деркөл халқын жол мәселесі толғандырады.  Яғни өткен жылы басталған №7 қоғамдық көлік жолы биыл толықтай жөнделетін болады.  Осы аумақтағы аралықта  бой  көтеретін Ақжайық ауданында қажетті инфрқұрылымдар тартылуда. Шамамен 50-70 мың халық мекендейді деп жоспарланған. Осы орайда айта кеткени жөн Мәметов  қиылысынан  Сыдықов көшесіне қатынайтын көпір салынатын болады. Қала бойынша 19 мыңға жуық адам тұрғын үй кезегінде тұр.  Олардың қатарында көп балалы отбасалар да бар. Осы топқа  көп ұзамай жеңілдетілген несие беру жайы қаралуда. Мәселен, құсфабрикасы  саяжай тұрғындарын қала стасуы мәселесі толғандырады. Аталған аумақ тұрғындарының жайы 2021 жылдан кейін қаралатын болады. Яғни жақсылықтың ауылы бұл аумаққа алыс емес секілді. Ал  қала орталығындағы халықты спорттық насандардың аздығы мен аула  абаттандыру жайы мазалайды. Биыл қаладағы 14 үйдің ауласы аббаттындырылмақ. Апатты баспаналарды сүру жәйі мен қоғамдық көліктерді көбейту, аялдамаларды жаңарту мен жер телімі мен күн тәртібінен түспейтін өзге де мәселе көтерілді. 1 сағатқа жалғасқан  тікелей байланыста  барлығы 150 ден аса сауал жолданды. Ал нақты жауап қайтарылмаған сұрақтар әкімнің әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланатын болады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.